Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  114


Автор: Ермұрат Зейіпхан

НҰРШАТ ЗЕЙІПХАНҒА

Сабыр ет, бауырым, сабыр ет,
сабыр еткейсің,
Үмітіңді үзбе, сынғанмен әлі де ептейсің.
Бір күнгі жарық артық қой
мың жұмағыңнан,
Илесе де өмір, одан кім жерімек дейсің.
Сабыр ет, бауырым, сабыр ет,
сабыр еткейсің,
Шыбын жаныңды шыңыраудан
алып өткейсің.
Озмыштың жоғын жазмыштан
қаперіңе алсаң –
Онсыз да зарлы жүректі еңіретпейсің.
Сабыр ет, бауырым, сабыр ет, сабыр еткейсің,
Жақсылар айтса жаныңмен қабыл еткейсің.
Несібе тәтті ендігі еншіңе жазған,
Жайымен ғана бетінен барып өпкейсің.
Сабыр ет, бауырым, сабыр ет, сабыр еткейсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу