Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  81


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Көктегi дана, панадан...

Көктегi дана, панадан,
Адам ата – Хауа анадан,
От, су, топырақ, ауадан –
Жаралған, содан тараған,
Түсi ақ, қызыл, қарадан,
Қорегi – ет, сүт, қара нан.
Мал жанды, бiрi бала жан,
Жанжалды, бiрi дала жан.
Қабылды бiрi қалаған,
Абылды бiрi қалаған.
Кешеде-дағы сол адам,
Бүгiнде-дағы сол адам,
Ертеңде-дағы – сол адам –
Арылмас шаттық, наладан.
Өрiп шығып «қорадан»
Орын табар – моладан!
II
Топырақ, ауа, от, судан,
Қақшып алып менi әкем,
Анашыма тапсырған,
Бақ-тәлейлi дән екем.
Дән екем – нәрлі дәнегі,
Жан мен тән салған ән екем.
Әуелi тiрлiк мәйегi –
Аллаға ғана тәу етем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу