Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  88


Автор: Толқын Қабылша

БӘЛКІМ, ҒАЖАП ТҮС КӨРДІМ

Бәлкім, ғажап түс көрдім.
Сүйгенім де, сенгенім де кәміл-ді,
Үйлесе ме дәл осылай түс пен мұң?
Сүйдім бе әлде,
жүректегі Тәңірді?
Көңілімнің күйі үшін күнәлі.
Жүрегімнің үнін тыңдап кінәсіз.
Кезіксе де тағдырдың сан сынағы,
Ғашық болдым,
Ғашық болдым шүбәсіз…
Тәнімді емес, жанның нұрын ұсынып,
Бақ құшуға болмысыммен бекінгем.
Жапырағын жел өтіне ұшырып,
Шарқ ұрған гүл секілді ем.
Жұбатсам деп жүректегі жырымды.
Сақтап келдім кеудемдегі үмітті
Саф алтындай сабырымды,
сырымды.
Кім түсінді, кім ұқты?
Сүйгенім де, сенгенім де, кәміл-ді.
Бәлкім, ғажап түс көрдім.
Бүгін тағы мұң тербеді жанымды,
Баянсыздау бір арман,
Бұлттан ауып түскен күн




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу