Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  310


Автор: Әуезхан Қодар

Достық әзіл, немесе Үш жұмбаққа бір жауап

Тұрсынжанның Шапайы
Чапайша жүр қатайып.
Өтекең мен Асқардан
Ығар емес қақайып.
Әлия, Дидар түк емес,
Әуезхан да құп емес.
Бес адамды бір жұту
Шапай үшін жүк емес.
Озбаса да өрісі,
Бір өзі сын төресі.
Пәлсәпаны танымай
Көреді секс елесін.
Мұқатар хан, ханымын,
Сөгер сазды әні – мың,
Тұрсынжанның Чапайы
Құтты болсын танымың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Толқын
Толқын 26.04.2023 17:19
Жоғарыда Әуезхан Қодар есімінің жанында Табылды Досымның гитара ұстап отырған фотосы неғып тұр?түсінбедім.

Пікір жазу