Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  98


Автор: Әуезхан Қодар

Жаңылға

Жаңылды тапқан жаңылмай, ажал,
Не деген қатқыл, сұсты едің.
Мазалы жерде табылмай маза,
Аспаны жанған құс па едім?
Жаңыл деп сонда несіне қойды
Анамның менің есімін?
Нағашым әлсіз есіней қойды,
Жұтқандай емін, кесімін.
Иә, ажал үнсіз, ажалда жоқ тіл,
Онда тек бұйрық, үкім бар.
Кешірген жоқпын, сазарған жоқпын,
Тағдырға тұйық, қыртымбай.
Жаңылмай ажал, Жаңылды жұтты,
Ажалдай тосса, маң - ылаң.
Іздесем егер танымды құтты,
Жаңылмен қоса жаңылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу