Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  78


Автор: Әуезхан Қодар

Алыптар тобы, алыптар тобы, қайдасың?!

Алыптар тобы, алыптар тобы, қайдасың?!
Тірілтерсені қай дұға енді, қай жасын?!
Әлсіздер әлді, мықты боп кеткен шақта бұл
Жетпей-ақ жатыр қобыландылардың найзасы!..
Жетпей-ақ жатыр оқ жетпес сұсы Мағжанның!??
Байқайсыздарма, бір емес менің ағзам − мың!
Отаным менің Дешті Қыпшақ пкен Қайта Өрлеу
Дәуірі − сонда бастауы барлық арманның.
"Табыну, сүйю әркімнің өз жеке ісі", −
Құлады тақтан инквизиция текесі.
Ақаным сонда симады дала төсіне,
Жүрегін кернеп Джиокондалық кекесін.
Сондықтан болар, қазақта өшпес бір мұн бар.
Қаншама ғасыр із-түзсіз кетті құрдымға.
Мазарлар ғана далада тұрды шошайып.
Қантөгіс сайын көбейе берді құзғындар.
Жат түгіл қазақ туыстың өзін жау санап.
Жорыққа шығып, жорықтан босты қаншама.
өамалсыз дала қамал боп алды қатыгез,
Ар-санаға үстемдік құрып тар сана.
"Алыптар тобы, алыптар елі, армысың?!, −
Деп сонда Шоқан өшірді тарих қарғысын.
Туыс боп шықтық ақыры бүкіл әлеммен
Қимасын қиған болашақ үшін, ар үшін.
Қатерлі кезең ұмыт боп қалса, ол да − мұң.
Халықтың қиын өз-өзін тану жолдары.
Абай да − Паскаль, Сократтардың тұяғы.
Тек әттен оның эпикур бағы болмады.
Ұлттарды неге алыс-жақынға бөлейін,
Абайға жақса, маған да жақын Онегин.
Эллин мен қазақ табысып менің санамда,
Парасат бағын тапса екен деймін өлеңім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу