Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  101


Автор: Сәруар Қамаева

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

Өмiр деймiз зулаған бұл уақытты,
Сол уақыттан озған жандар бақытты.
Бақыттымын деп ойлайды бiреулер
Орап қойса алтын менен жақұтты.
Бақыт деген - ол адамның баласы,
Бақыт деген - ол баланың анасы.
Бейбiт күнде ойы жетпей өрiне,
Бiреулер жүр сол бақыттан адасып.
Бақыт деген – ол адамның санасы,
Бақыт деген – туған жерi, даласы.
Бақыт деген – алтын бесiк Отаның,
Айтшы, құрбым, бар ма осыған таласың?
Бақыт құсы қонсын деймiз басыңа,
Бақыт әнiн шырқап жүрмiз қосыла.
Бақыттысың десем егер досыма,
Деп сұрайды ол: «Бақыт деген осы ма?»
Бақыттысың
Өмiрiңе сәуле шашып тұрса үмiт,
Қуанасың, талай-талай күрсiнiп.
Қалар бір күн топыраққа тұншығып
Бақыт деген – жарық дүние, тiршiлiк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу