Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  94


Автор: Сәруар Қамаева

СЕЗЕДІ СОНЫ ЖҮРЕГІМ

Тып-тыныш түнім,
Самсаған жұлдыз жан-жағым.
Түсіме кіріп
Мазамды менің алмағын.
Жалғанған жері
Үзіліп кетер бір күні,
Жүректің, тегі,
Көтере алмай салмағын.
Есімнен шықпай,
Түсіме кірер кім едің?
Ештеңе ұқпай,
Себебін білмей жүремін.
Елесің келіп,
Кезеді ойдың сілемін.
Сүйесің мені,
Сезеді соны жүрегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу