Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  73


Автор: Дихан Қамзабекұлы

КЕЛДІМ

Мен өзім елу тоғыз жасқа келдім,
Надан боп өңгелерден басқа келдім.
Менен қор, менен төмен жан болмады,
Ауыр жүк көтерместей тасқа келдім.
Жаралып дүниеге келсем-дағы,
Өзіме-өзім жебір қасқа келдім.
Ере алмай қатарына көз сала алмай,
Қызығын қызықтадым басқа елдің.
Толқынды байқамадым толқып жатқан,
Мәз болып көлеміне дария көлдің.
Маған да жетеді деп осы дария,
Бір тамшы бойға тамбай босқа келдім.
Өкініп қартайғанда туғаныма,
Табиғат ағымына енді көндім.
Көнбеске ерік бар ма табиғатқа,
Артында қалғаннан соң басқа елдің.
Жарысқа тұлпарларға қосыла алмай,
Бәйгеде артта қалып босқа келдім.
Сағымға бұлдыраған көзім жетпей,
Соңында әуре болдым соққан желдің.
Тарихи өткендердің сөзін ұқпай,
Қадірін бағаламай сары белдің.
Фаһұмсыз меңіреу мылқау тумысыма,
Мен неге басқаларша ерік бердім.
Болмасқа кеткен екен өткен өмір,
Зайығы болған-ау деп көз жібердім.
Өмірді қайта қолға түсіруге,
Мұқтажы қазір болды бір шебердің.
Жалынып қолын алсам пір орнында,
Қолынан келер ме екен бәйгі кердің.
Төңкеріп жерді аударып берер ме екен,
Тұтқасын тауып берсем қара жердің.
Қиялға босқа бекер түскенімше,
Соңына мен ерейін көргендердің.
Құдықтан инеменен су шығарды,
Ойланып ақырында жаңа келдім.
Табиғат ағымына бойды тірей,
Не қылсаң да ерік өзіңде көндім-көндім.
Маһұрыр қалдырмас деп мені дағы,
Босатып ықтиярға тізгін бердім.
Бой жесе де ой жетпей жүргендіктен,
Дүниеге жас бала боп жаңа келдім.
Жұманұлы Әбілда
01.01.1937 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу