Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  101


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖАЛҒАНШЫ ЖАРЫҚ ДҮНИЕ

Жалғаншы жарық дүние,
Бізден де бір күн қаларсың,
Піл сауырлы қара жер,
Қойныңды ашып қол жайып,
Құшағыңа аларсың.
Айқай, сонда күн қараң,
Басыңа ақ тас қойылса,
Сөз бен түрлі безенген,
Үстіңе топырақ үйілсе,
Шөккен нарға меңзеген,
Тіл кесіліп үн бітер,
Сайраған мына жыраудан.
Тыңдаған айтар не пайда,
Мұндай сөзді жырлаудан.
Дүние қуған көңілім,
Нәпсіменен қарайған.
Қақ диуанда асықтай,
Мұрат тапқан құдайдан.
Сонда бір көңілім сап болар,
Жалғыз жатып күңіреніп,
Қазаны ойлап толғаудан.
Бөкейұлы Шәнгерейден
29.07.1936 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу