Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  58


Автор: Дихан Қамзабекұлы

СЫЙМАЙСЫҢ

Бас-басыңа би болсаң,
Манар тауға сыймассың.
Ақылды адам кез болса,
Ақылына тоймассың.
Қараңғылық жойылмай,
Бөтен бола қоймассың,
Тату болсаң бірлесіп,
Қызығына тоймассың.
Араз болсаң біреумен,
Өлтіруге оны қимассың.
Таза жүрсең зиянсыз,
Қадір-құрмет сыйлассың.
Көңіл қойсаң бірлікке,
Бойыңды қорқып жимассың.
Болмашы іске киліксең,
Сөзімді ақыр сынарсың,
Әуірелікпен мастыққа,
Жұртым неге құмарсың,
Тіл алмасаң, балалар,
Құмардан бір шығарсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу