Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  80


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АЗАМАТТАРҒА

Жақсы адам ұлұқсынбас төремін деп,
Ұмтылмас орынсызға кіремін деп.
«Ұлық болсаң, кішік бол» дегендейін,
Килікпес болмашыға білемін деп.
Жүйемен шешен адам сөз қалдырмас.
Арғымақ мінсек сақа сыр алдырмас,
Жақсыдан бала туса өзіндей боп,
Халықтың көңілінде кір қалдырмас.
Біреу туса жаманнан жақсы болып,
Бәрібір оған ешкім тең табылмас.
Жақсыдан жаман болып туса егер,
Жағынуға жарасып ер табылмас.
Мінезі ер жігіттің тал жібектей,
Әрқашан артын ойлап жүрер ептей.
«Өзім болдым, не керек жұрт маған» деп,
Ақыл менен іс қылар сыртқа теппей.
Ер жігіт ерген халқын жауға алдырмас,
Өзі болған заманда дау қалдырмас.
Өз тамағын ойлаған сабаздарың,
Қармағын тегіс салып сау қалдырмас.
Ойласаң малдан артық өнермен бақ,
Жігіт болсаң, қызмет қып халқыңа жақ.
Өнері болса жабының бағасы артық,
Базарға қатар салсаң қара арғымақ.
Тілей бер кеткізбе деп қадырыңды.
Дұшпаның кемітпе деп адымыңды.
Би-болыс болмасаңда кісілік сол,
Халыққа тигізбесең содырыңды.
Күзеткін жақсы болсаң, ел пайдасын,
Жақсыны халық теріске неге айдасын.
Боларсың меллатыңа......
Орынсыз тигізбесең тіл найзасын.
Бейсембіұлы Баймұқамбеттен
09.06.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу