Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  204


Автор: Жанат Әскербекқызы

– Алтайдың асуын асқан кім...

– Алтайдың асуын асқан кім?
Ертістің кешуін кешкен кім?
Балқан тау шалғынын басқан кім?
Құрлықты айналып көшкен кім?
– Тақымын ер қажап,
Дидарын жел қажап,
Жүрегін шер қажап
Еркіндік іздеген ер – қазақ!
Көк тулы қазағым енді азат,
Шежіре боп қалды шерлі азап.
Сарыарқа төсінен төгілген
Бір күйді тыңдашы сен ғажап!!!
Аптапта өзегін талдырып,
Көш бойы қайғысын қалдырып,
Егемен елдіктің төріне
Қиырдан жетті әрең шалдығып.
Алаштың ерлігін ән қылып,
Сары дала төсінде сән құрып,
Азаттық, иншалла, тұрақтар,
Қазаққа бақ болып мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу