Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  79


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

Жүрекке жақын ап қалғаным-ау

Жүрекке жақын ап қалғаным-ау,
Қызыққа мына қараңыз.
Аппақ қар жауған ақпанда мынау,
Көктем боп жеттің, бала қыз!
Қапысыз танып көзіңде нұрды,
Қондырып күнді тағына.
Жеңімпаз сезім көңілге кірді,
Санасы қалған адыра...
Жарылқар жанды киеңді де ұғып,
Өлтіріп күдік қас жауын.
Күлкіңе сенің сүйенді үміт,
Бақыт көтерген шашбауын.
Аппақ қар тектес ізгі өлең тәтті,
Жүрекке жазып екеуміз.
Қозы мен Баян іздеген бақты,
Біз таба алар ма екенбіз?!
Сезім тәңірі дара анықталып,
Қуаныш қағып жыр-дабыл.
Біздің армандар қадалып қалып,
Пенделік жетпес шыңға бір.
Құдай құлағына естіле жүргей,
Кеудеден қашып мұң-елік,
Махаббатымыздың мешітіне бірге,
Дұға қылуға кірелік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу