Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  89


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

Сән күлсе де тамаша ең

Сән күлсе де тамаша ең,
Жадырамас күз өңі,
Мен қайғының баласы ем,
Сен үміттің қызы едің.
Жазмышынан аса алмай,
Шаттық сөлін мұң сығып.
Басымызды қоса алмай,
Күндер өтті күрсініп.
Ақ айдында жүзген мұң,
Пәк арманды шоршытты.
Алдымыздан біздердің,
Екі тарау жол шықты.
Мазасын ап заңғардың,
Жанайқайы текті үннің.
Қоңыр күзде мен қалдым,
Сен көктемге бет бұрдың.
Боп көрінді,
шынымыз:
Шаттықтан мұң тәттірек.
Бірімізге біріміз
Қол бұлғадық бақ тілеп.
Бір үміттің таңына,
Бой көрсетіп: «тіріміз».
Сағынамыз тағы да
Бірімізді біріміз.
Бақыт деген осы шығар ә?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу