Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  73


Автор: Жанат Әскербекқызы

Беу, жалған, мені сынағаның ба...

Беу, жалған, мені сынағаның ба,
Бір сынағыңа шыдамадым ба?!
Қағидам қалды қақырап.
Күн аманында, Түн аманында
Адасқан мен бір ақымақ.
Ақымақ қыздың аңысын аңдып,
Адымын бақтың, не керек.
Отқа жүгірген бар ісі зарлық
Мен болдым жынды көбелек.
Жылу іздеген, жарық іздеген
Көбелек-көңіл желігі-ай!
Араздасқандай, әні, бізбенен,
Барады баяу сөніп ай.
Сабырың қайда жоғалды сенің,
Ұстамың қайда ед, қаңтарым?!
Қаршыға болып оралды сері-үн –


Шеңгелде кетті жан-тәнім.
Аяқталуы бөлек ертектің
Тұлғасы болу немді алды,
Өзегі дертті өлең-еркектің
Қойнына кіріп нем бар-ды...
Құрдымға тастап, күрсініп қалды,
Тұңғиық менің аспаным.
Күрсіністі үннен мың сыр ұққан-ды,
Сұп-суық, сұрғылт тас-тәнім...
...Беу, жалған, мені сынағаның ба...



Қаңтар, 2005




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу