Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  221


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ХАТ

Жұмып кейде жанарымды нұр сiңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймiн сен шығар деп күрсiнген.
Ғашық жанды әлдилейтiн ән керек,
Ғашық жанның басындағы хал бөлек.
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам,
Iздеп келiп, есiк қаққан сен бе деп.
Қашан болсын қайғы көрмей, жүр аман,
Тағдырдан мен басқа тiлек сұраман.
Күн астында сыңғырласа күмiс су,
Сенiң күлкiң естiлгендей қуанам.
Бiле бiлсең өмiр деген өткiншi,
Аз ғұмырда көп қуаншы, көп күлшi.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздерiңе ғашық болып өтсiншi!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу