Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  77


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫРАУ ГҮЛ

Желбегей иығыңа бешпент iлiп,
Бiр өзiң отырғанда кесте тiгiп.
Телеграмма берместен,
ескертпестен
Үйiңе кiрiп барсам кешке күлiп,
Сен менi алар едiң қалай қарсы?
Тұрғанда құшақтасып:
«Абайлашы,
Инем кiрiп кетпесiн кестемдегi...» –
Дер ме едiң сасқалақтап,
соны ойлашы?
Қымсынбай сүйiп сенi ештеңеден,
Сонан соң назар салып кестеңе мен,
Қос қабат терезеңнiң қырау гүлi
Кестеңе түгелiмен көшсе дер ем.
Өрнегiң қырау гүлмен теңдеседi,
Мақтармын шеберсiң деп мен де сенi.
Демiңмен әйнектегi гүлдi ерiтiп,
Жабар ма ең сонда күлiп пердешенi.
Менiң де көңiлiмде қырау жатыр,
Өзiңнен жүрек деген жырау – батыр:
«Сен ғана ерiтер ең сол қырауды
«Ерiтшi, ерiтшi...» деп сұрап жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу