Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  60


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Апыр-ау...

Апыр-ау,
Сезiмiмнiң оты өшкен бе,
Жоқ, әлде жүрегiмнiң етi өскен бе –
Жыртығын жылтыр сөзбен саудалаған
Ұқсап бара жатырмын көпестерге.
Сеземiн бiр суаттың суалғанын,
Жасанды жылағаным,
Қуанғаным.
Гүлiмнiң жұпарлысын жұртқа тартып,
Құшақтап қалғандаймын қуарғанын.
Тек қана аласармай
Асқақ арман
Тартады тыншымды алып,
Бастап алдан.
Тар жолда тайғанақтап, талпынамын,
Тағасы тарланымның таста қалған.
Ұғушы ем жел сыбырын,
Бұлақ тiлiн,
Бiрi де түсiнiксiз бiрақ бүгiн.
Шет елде нан табатын өнерiнен
Айырылып қалған тiлмаш сияқтымын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу