Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  59


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Бiздiң ауылдың айындай айды

Бiздiң ауылдың айындай айды
Кездестiрмедiм еш жерден.
Ешқандай бұлтқа ол қайырламайды,
Будақтап жолын кескенмен.
Бiздiң ауылдың
түнiндей түндi
Көрмедiм басқа жақтардан.
Қойнында тұяқ дүбiрлейтiн-дi
Бiз жайдақ мiнген аттардан.
Көктегi ай бiзбен жарысатұғын
Жармасып бұлттың жалына.
Тiзгiннен қолым қарысатұғын
Ат алып қашса тағы да.
Жайдақ ат мiнген балалығым-ау,
Қай түнге сiңiп кетiп ең?
Аспаны соқыр қаланы мынау
Қайдан таптым деп өкiнем.
Сұлумен тұңғыш сүйiскен жерiм,
Бал татып қалдың тiлiмде.
Боз жусаныңнан бiр иiскер ме едiм,
Ат тұсап,
айлы түнiңде?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу