Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  78


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Ұйқы

Өзiме
Ұйқы деген – өлiмнiң баспалдағы,
Өрмелейсiң орныңа аспандағы.
Оянасың өмiрге ғашықтықтан
Өлiктердiң – ояну басты арманы.
Өмiр – ұйқы,
Өлгенде оянасың,
Өлi ұйқыға қалайша тоя аласың?
Бiрде тәттi түс көрiп, бiрде сұмдық,
Жазмышыңның татасың қоябасын.
Өлiмiсiң Сен өзiң, тiрiмiсiң,
Көп өлiктiң, жоқ әлде, бiрiмiсiң?
Қайран ата-бабамыз қалдырған ба
Тұқым етiп өзiне тiрi мүсiн?
Көлеңкелер жарықты буындырып,
Лақтырады түнекке туын жығып.
Уын құйып қаныңа ұйықтатады
Жүрегiңдi әлпештеп суындырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу