Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  63


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жоғалды жыл, жоғалды ай, жоғалды күн...

Жоғалды жыл, жоғалды ай, жоғалды күн,
Жоғалтқаным үшін де обалдымын.
Нұрлан Мәукенұлы.
Нұрлан-өлең түнді жарып,
Үнсіз ғана барады ағып.
Мен аядым күнді ғаріп,
Қала берген налаланып.
Мұңым күлген қараңғылық
Қалғып кетті, көзін жұмып.
Қара таппай қалам ба ұмыт,
Жел жете ме сөзімді ұғып.
Қараңғыда ...ай батқанда
Өксіді өлең тым алыстан,
Жете алмадым. Сай жақтан ба
Жел жөнелді құрақ ұшқан.
Жоғалған күн жоқтау жырын
Естімейді, қанша амал бар.
Жанға қылып тоқтау бүгін
Қауышпайды аңсаған жар.
Түн кезеді мәңгі өлең боп,
Елес қуып ел жүреді,
Күн мылқау боп, таң керең боп,
Дегеніне көндіреді.


...Нұрлан-өлең түнді жарып,
Құс жолымен самғағаны...
Мен аяймын күнді ғаріп,
Бір келер деп алданады...



Қараша. 2004ж. Астана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу