Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  133


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ана қабірінің басында

Қаласа да ақ жүрегің биікті,
Қабір ғана үлесіңе тиіпті.
Қайран болып таңданамын ойласам,
Қазған жерге алып жүрек сиыпты.
Қабіріңе бұлт та басын иіпті,
Қабіріңді күн көзі де сүйіпті!
Қымбатты анам соған ғана қуандым,
Қабіріңді шебер қолдар жиыпты.
Қабіріңе мейірімің сиыпты,
Қарағанда жүрегімді ұйытты.
Қимылдамай қасыңа мен келгенде,
Қалай жаттың анажаным сүйікті.
Бірақ ұлың жетім емес, аналы,
Бөтен жерден іздемейді ананы.
Бір ғана ана – туған– Отан, Партия!
Берік оның мейірімі, қамалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу