Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  129


Автор: Талғат Орманов

ТЕКТІЛІКТІҢ САРҚЫТЫ

Келісті інім қара қас,
Кім сүйсіне қарамас.
Тапқасын жарды өмірлік,
Төбесі көкте Алтыншаш.
Қуаныш күні халайық,
Аман-есен тарайық.
Қалдыбай ата- апамыз,
Әниді еске алайық.
Ұлдана әпше шынайы,
Бауырдан бәрі құдайы.
- Аяма анам,-деп тұрады,
Нұрғали бөле ұнайды.
Нұрмағанбет, Лесбек атамыз,
Қойшекең, Тұрсын ағамыз.
Қабыл да болсын әрдайым,
Әбділқай ата батаңыз.
Сәулетбек көкем ірі еді,
Оңтүстік, шетел біледі.
Кетсе де көзі бақилық,
Еске алып елі жүреді.
Маханбет қайның ауылда,
Қадірлі әркез қауымға.
Қалада дара Жүнісбек,
Дес бермей жүрген дауылға.
Қауым жұрт құлақ түреді,
Жақсы мен жаман іледі.
Таныған әлем жерінде,
Шат - өмір жастар сүреді.
Жомартжан бізден сый көрсе,
Қалың мал менен үйленсе.
Деп жүрген Нұрлан көкеден,
Көз қалды Ақжол білгенге.
Айсұлу мұңнан шығады,
Серікке көз-жас сығады.
Достарды бақи жоқтатпай,
Пірәлиев жан-сыр ұғады.
Атқан таң болмас Арайсыз,
Алыс пен беріс санайсыз.
Той- салтанат болмас-ау,
«Екі жұлдыз» сарайсыз.
Тәуірге бізді балайсыз,
Үмітпен әркез қарайсыз.
Айтпақшы жағдай сұрайық,
Келгелі келін қалайсыз?
Келіннен шуақ көріңіз,
Әзір ғой Сізге төріміз.
Көрмеген көкем бақытты,
Көретін жеңше жөніңіз.
Алмаздан артық бағаңыз,
Сынбасын дәйім сағаңыз.
Айтқан ғой қазақ: - Келінге,
Болсаңыз келін жағасыз.
Арқа да қозып барамыз,
Ақын боп топты жарамыз.
Етумен қызмет Өзіңе,
Кеңейе түсті-ау санамыз.
Үндемей қалай қаламыз,
Әнді де шырқай саламыз.
Үндестік барда – сыйластық,
Шаттыққа толды арамыз.
Данкөшке көңіл бөліңіз,
Ізгілік нұрын өріңіз.
Розаңыз қонып қияға,
Жомарттан шөпшек көріңіз.
Күй кештің жеңше мазасыз,
Той өтпес келмей - Азасыз.
Перуза- Гуля төрде отыр,
Ақ пейіл неткен тазасыз.
Жадырай жеңше күліңіз,
Әзілмен тойды іліңіз.
Нұрхасен, Қанат, Бақытжан,
Сол тойда жүр деп біліңіз.
Уәлихан, Сапар ағалар,
Елгезек тірлік бағалар.
Тима мен көкем Ибрагим,
Ізгілікті жағалар.
Қалаулы елде Сайлаубек,
Ғалымға құрмет болған тек.
Әпеттей көке Назарбай,
Достыққа дәйім болған сеп.
Нағашбек көкем барында,
Қылықты қыздар арында.
Жақсылық пенен Алашбай,
Барында жүргін жарыла.
Алтынбек, Сұлтан қайнағаң,
Ұрпақ қамын ойлаған.
Сұлтан, Омар, Тойлыбай,
Қонақ күтсе жайнаған.
Бәрі де тегіс тойыңда,
Шынайы тілек ойында.
Той көргін алда жеңеше,
Жүгіру біздің мойында.
Пейілің қалмас тарыла,
Жат ойдан жүргің арыла.
Күткен де тойы бір ғасыр,
Қаңлылар ұзақ сарыла.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу