Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  70


Автор: Байыт Қабанұлы

СЕН ДЕП ТУДЫМ

Жаралғанда сен деп тудым жаралы елім
жазайын деп жараңды,
Желді сөзбен жетіміңді жебейін деп,
жыртылса егер жамайын деп жағаңды.
Арандалса алға тартып ағамды,
Табандасаң жаңартпаққа тағаңды,
Жаратылдым жасқа бөлеп жанарды,
Сорғалаттым сортаң-сортаң зар әнді.
Топырақты қайғыңа да,
торғын торқа тойыңа да апардың,
Салға балап сайрандатып
хақ төріне отырғыздың салтанатты шаһардың.
Әнмен, сөзбен атты талай арайлы таң,
батты талай батар күн,
«АҚЫН БАЙЫТ» атандым.
Тірі күнде бар қазақты сиғыздым мен
қайғысымен шаттығымен ішіме,
Сондықтан да сыйлы болдым
үлкеніңе, кішіңе.
Өлген соң да бір қажетім бола қалса
оу, халқым,
Қарсы емеспін қабырымнан суырып ап жарата
бер ісіңе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу