Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  64


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ЖАБЫҒУ

Алматының кірбің тартып қабағы,
Алатаудың жасаурайды жанары.
Өр сенімін мазақ еткен қу үшін,
Өлең кетті өне-бойы жаралы.
Шер жұтады жүрек кейде өкініп,
Ерке қыздың қылығы да бос үміт…
Сүйдім дейді, еркелейді, сенбеймін,
Ұнатам деп айтқаны да өтірік!
Ойхой, шарап, иісіңменен еліктір,
Шаттанайын сырлы ерніңнен өбіп бір.
Мына өмірдің бықсығынан безініп,
Кең даланы кезіп кеткім келіп тұр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу