Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  74


Автор: Есләм Зікібаев

ӨНЕРБЕК

Ой, Өнербек, Өнербек
Өнербекте өнер көп
Дүниеде бала жақ
Білетұғын менен көп...
Дейді дəйім мақтанып,
Мен бағбанмын бақта құт.
Бармай жатып мектепке
Алғам оқып хат танып...
Ой, Өнербек, Өнербек,
Жеңгесі айтса, Төрем деп,
Соған ылғи құлағы
Тұратындай елеңдеп.
Жарысса тек озатын,
Делебесі қозатын,
Басқа тұрмақ, ұмытып
Кететіндей өз атын.
Ой, Өнербек, Өнербек
Тұрғаны ылғи елеңдеп.
Жеңгесі емес, басқа да
Айтса дейді Төрем деп.
Өнербек-ай, Өнербек,
Өнербекте өнер көп.
Əжесіндей көре ме
Айтқан сөзін екі етпей
Дегеніме көнер деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу