Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  135


Автор: Есләм Зікібаев

АҒА ТІЛЕГІ

Оңдасын!
Ер есімі азаматқа ол да сын.
Дүниеге оңнан келген боларсың,
Ата-анаңның тілеуі оң болғасын.
Іш тартқандай ашық жарқын қабағың,
Көргеннен-ақ оң көзіңмен қарадың.
Ұқтым мен де іштей сені,
Сен де ұқтың,
Сол ұғымнан қуат алдым, қарағым!
Қалмасын деп елдің ұлы көшінен,
Сені дағы мендей əке өсірген.
Мен де бірде керегіңе жарармын,
Жақсы көңілің қалмайды енді есімнен.
– Ақын аға, білем, – дедің, – қуандым,
Ақ ниетіңді жүрегіммен құп алдым.
Жаны ауырып келген жанды жабығып,
Дəл өзіңдей бар жанымен ұғар кім?
Уа, Оңдасын!
Бауырым, балам Оңдасын,
Өмір атты ойлы-қырлы жолдасың.
Қырық шілтен əулиелер қолдасын,
Жолға шықсаң – Қызыр болсын жолдасың,
Жолыңды Алла оңдасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу