Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  347


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ертіске қарай асығады Үлбі...

Ертіске қарай асығады Үлбі,
Әлдебір сырды жасырады Үлбі,
Қадым заманнан... бағзы уақыттан


Ертіс-жігітке ғашық әлі Үлбі.
Тентек Ертіске телміреді Үлбі,
Толқын-орамал боп желбіреді Үлбі,
Ешкім естімес тереңіне тұнған
Үлбі жүрегіндегі жел біледі мұңды.
Бұлтқа сыр шертіп, тұнжырады Үлбі,
Ынтығы жанын ұқпай қынжылады Үлбі,
Асау жігіт арыны алқымына жетпей
Күн шыққанда күліп, түн жылады Үлбі.
Үнсіздікке шомып, үлбіреген кезін,
Бағып тұрар тілсіз шын жүдеген сезім.
Ертіс жайлы сырды айтып қайтем текке,
Толқып аққан елтіп, Үлбі деген - өзім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу