Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  80


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ақырап та ғұмырын тауысты енді...

Ақырап та ғұмырын тауысты енді,
Қадамына қар бітіп қауыс келді.
Дірдектеген жұлдыздар бірауыздан
Кезегі деп қауыстың дауыс берді.
Сағынышын сарғайтып түзге жайып
Сарын айтар болады-ау күз де ғайып.
Кірпігіне мұз қатқан қыс-құданың
Болар ма екен пейілі бізге лайық.
Жерге қарап үн-түнсіз мұңайды Көк,


Көңіліндей солғындап тұр Ай жүдеп.
Тұнжыраған жанарын шайып түннің
Бозғылт сәуле кеудеме құлайды кеп.
Бір шері бар ғаламның жан ұқпаған,
Қарасынан наласын танып қалам.
...Ақырапқа қош айтқан Аймен бірге
Қауыс дейтін әлемге маңып барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу