Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  66


Автор: Есләм Зікібаев

Ақыл-ойдың да ортайған кезі бұл, бəлкім...

Ақыл-ойдың да ортайған кезі бұл, бəлкім,
Асылың да азып, арзандау тартып тұрған күн.
Нажағай сынды жанынан жасын атылар
Кім ұстап тұра алар мəңгі тəкəппар шың қалпын.
Кім ұстап тұра алар мəңгі өр, асқақ, шың қалпын,
Бағалай білер асылдың асыл шын нарқын.
Жезі де сары, бөзі де сары... кім білер
Сарының бəрі емес екені шында алтын.
Табиғат-Ана да ұстап тұра алмай бір қалпын,
Көктем-арудай құбылтып тұрар кіл нарқын.
Кезі келгенде бидің ойы да сұйылып
Кете береді, сұйылған сөзді тыңдар кім.
Жоғыңды айтып, жөн ісің болса, хоштардай,
Олқы ойыңды толтырып, оң ой қосқандай.
Шаршы шабыста шабатыңды демеп өсіріп,
Бара жатыр ма сенісер сері дос қалмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу