Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  220


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

МАҒЖАННЫҢ ШОЛПАНЫ

Алаш талай жылады,
Алашпен қоса Абай жылады.
Алапат сан боранында тарихтың,
Көрінбей қап атының да құлағы,
Оппа қарға омбылай кеп құлады.
Көкжиекке асық болып жыр-әні,
Көбінесе ғашық болып жылады.
Сынады оны Заман отқа, боққа сап,
Замананы Ол да оңбай сынады.
Бітті... Болды!
Таға берме кінәні,
Тарих қана таразылар мұны әлі:
Абай неге баз кешті бұл жалғаннан?
Алла неге үнсіз! Іштен тынады?!
Арқан бойы көтерілді Күн әні,
Айықпай тұр қалай мұның тұманы?
Алаш деген - Мағжанның Шолпаны -
Күнәсіз!!!
Һәм күнәлі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу