Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  297


Автор: Нұрлан Қалқа

Жақсы көріп қалғандаймын өзіңді...

Жақсы көріп қалғандаймын өзіңді,
Бастан кештім сиқырлы бір сезімді.
Айтсам деймін жүрегімнің сырларын,
Көздеріңе қадап тұрып көзімді.
Жақсы көріп қалғандаймын сізді мен,
Берілемін ұзақ ойға, үздігем.
Əлде сіз бе, арман еткен сыңарым?!
Сенсіз, қалқам, қайықтаймын ілбіген.
Жақсы көріп қалғандаймын, о, ғажап!
(Оралған ба, бастан өткен сол азап?!)


«Тарих кейде қайталанар», – дейтін-ді,
Пешенеме тағдыр қандай жол жазбақ?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу