Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  82


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Тасқын

Тамырын жүрегімнің көрем елден,
Бүр атамын.
Іздерсің сен ертең-ақ сөрелерден,
«С» қатарын.
Сейфуллин, Сүлейменов шығар алдан,
Шығар томдар.
Жұбансын жырымды оқып
жылаған жан,
Үзілсін қыл арқандар!
Сонан соң қабықтай-ақ парақтарға,
Кез-келерсің.
Көзінен ақ парақтың қан аққанда,
Өмірдей өзгерерсің.
Өзгерерсің!
сенімдей жасыл бағы,
Мақсатың көп.
Сілтей сал бойжеткенге қасыңдағы,
«Жақсы ақын» деп.
Жаныңнан жабырқаулы күйде тұрған,
Жара көргем.
Жатармын жас мамандай
үйде отырған,
Қалыңдық қара жермен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу