18.08.2022
  85


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТАЯҚ ЖҮГІРТУ

Ойын он-он бес бозбаланың қатысуымен қарлы жерде өтеді. Олардың қолдарында ұзындығы 2–3 метрдей жонылған таяқтары болады. Таяқты қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан, тіпті болмаған күнде талдан жасайды. Таяқтың ұшына үш кір қаңылтыр кигізіледі.


Ойнаушылар кезекпен өздері тұрған жерден оншақты адым жердегі жарқа бақ қарға қолдарындағы таяқтарын құлаш тай лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қарды тесіп өтуі керек. Әр ойыншының таяқтары тесіп шыққан жеріне белгі қойы лады да, содан таяқ түскен жерге дейінгі ара қашықтық өлшенеді. Сөйтіп, қай алысқа түскен таяқтың иесі жеңімпаз атанады. Ойынды осы тәртіппен бірнеше рет қайталауға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу