18.08.2022
  521


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Бір қазан сүт

Жүргізуші:
– Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы да қалмапты! – деп, ойын-әңгімені бірден оқиғадан бастайды.
Аузы ашыла таңырқаған балдырғандар шулап қоя береді:
– Төгіліп қалып па?!
– Ит ішіп кетіп пе?!
Жүргізуші балаларды одан сайын ынтықты ра түседі:
– Төгіліп те қалмаған, ит те ішіп кетпеген...
Балалар жан-жақтан шулап кетеді:
– Төгілмесе, ит ішпесе, бір қазан сүт
қайда кеткен?!
Жүргізуші енді әңгіменің ашығына көшіп, термелей жөнеледі:
Көбелек келіп көлп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп саңқ етіп,
Сарқынын ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп ол кетті...
Оқиғаның бұлай аяқталғанына балалар мәз-мейрам. Олар өлеңдегі құс тардың аттарын, іс-әрекеттерін қызықтап,
жүр гізушіге әртүрлі қосымша сұрақтар қойып жатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу