Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  81


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өлең өмір

Арпалысқан өмір көші тоқтамай,
Ұштандырсаң,
Лауламайды от қалай?
Құм сағаттай саулап аққан күн мынау,
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр тоқтамай.
Өмір өлең,
Соғып тұр ғой жүрегім.
Тілеулесті,
Ниеттесті білемін.
Тағдырымның қос ескегі қолымда,
Табармын-ау бір ебін.
Көкпар ғұмыр,
Әрбіреуі өңгеріп,
Шын пейілден биік тұр ма пенделік?
Ұлылықтың ұлы жолы осы деп,
Аға қайда?
Жүретіндей дем беріп.
Сен емессің, мен деп Ғазал, Ұлымын,
Ойлайтындар көбейді ғой бүгінін.
Шабыт деген асау тұлпар секілді,
Бұғалыққа жетпей қалар құрығың.
Біреу қоштап дейді,
Ұлым ұлысың,
Біреу дейді,
Көп ақынның бірісің.
Астананың қысы қатты тоңдырды,
Жылы сөзден жүрегіміз жылынсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу