Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  70


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Асылдарым

Ет кессе де, тіліп алып етімнен,
Қасқыр ғұмыр,
Қыңқ етпеуге бекінгем.
Әз бауыры келіп құран оқыды,
Әкем-ау деп өкірдім.
Қанша ма жан келсе дағы үй қаптар,
Бар кезінде дүр адамды сыйлап қал,
Жан дүниеңді ұғар жандар көп емес,
Жылап келді қимас жан.
Әкешім-ай,
Тау тұлға едің, пырақты,
Сол пырақпен аралаппын жұмақты,
Інің келіп, көзін көрген әкемнің,
Маңдайымнан сүйіп тұрып жұбатты.
Жасқа толды, жас-жанарым ай қабақ,
Көздің жасы ыршып жатты тайғанап,
Анам келіп көз жасымды сүрткендей,
Самал желдей есіп келіп аймалап.
Анам, әкем қимас жандар біргесіз,
Хор түсімде алармыз ау тілдесіп.
Құлыншақ жыр еркелетіп, жұбатып,
Кенже ұлыңды тербетеді жыр бесік.
Санам сан-сақ, түрік бірақ құлағым.
Құран үні ұлы күш-ау, бір ағым.
Анамды ойлап жас тиылмай көзімнен,
Әкешім-ау,
Сені іздеп жыладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу