Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  73


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көңілдің кейбір сәттері

Ертең-ақ қонар келіп бақыт құсың,
Келін де жауһар тастай жақұт мүсін.
Әкең де анашың да қасыңда жүр,
Білесің бе балам-ау, бақыттысың.
Арманы бітер ме екен бұл адамның,
Алладан көп жақсылық сұрағанмын.
Жүрегімнің жартысы жұлынып жүр,
Мен бүгін әкемді ойлап жылап алдым.
Елес шақ,
Елес дүние, елес өмір.
Табандап жүріп келем, белес өмір.
Жетімнің жары Құдай, түн батқанда,
Күбірлеп, өз ойыммен кеңесемін.
Көңіл де ала-бөтен, күйім мүлде.
Іштегі өксік шерге түйілдім бе?!
Көз жасымды ұлдарым көрмесін деп,
Үйден шығып кеттім мен киіндім де.
Ауланы әрлі-берлі араладым.
Әке деп іздеп кепті балаларым.
Боталарың артыңда боздатып қалды,
Қайда кеттің қажымас қара нарым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу