Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  122


Автор: Сәуле Досжанова

Телефонда үздігіп кеп үніңіз...

Телефонда үздігіп кеп үніңіз,
Сырласумен өтер әрбір күніміз.
Қиялменен қияларды шарлаймыз,
Жалықпаймыз бірімізден біріміз.
Көркемдеп кеп сөйлегенде төгілтіп,
Әзілменен күлкіге де көмілтіп.
Арасында жыр да оқып бергенсіз,
Сол жаралы жүрегімді егілтіп.
Сырттан мынау түрімізге қараңыз,
Бейне екеуміз – бойжеткен, бозбаламыз.
Жан біткеннен жасырып сол сезімді,
Біреу тартып алатындай боламыз.
Шабыт беріп, көңіліңізді өсіріп,
Шаттық едім Сізге жеткен кешігіп.
Ризамын, жаныңызға қорқатын
Сол сезімді алатындай өшіріп.
Ақ сезімді алатындай өшіріп,
Алыс жақтан қалатындай кешігіп.
Ақ қағазға жазып жүрмін жыр етіп,
Жүрегімнің лүпілдерін көшіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу