Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  72


Автор: Бауыржан Үсенов

ДОСЫМБЕККЕ

Мұңым бар бір басымнан асып кетер,
Асып кетер, өмірге ғашық та етер.
Мен осы жүргем жоқ па, қарап көрші,
Жылуын жүрегімнің шашып бекер?
Арманым шеті жоқ бір салды айдынға,
Батырар ертелі-кеш балдай мұңға,
Мен кейін өткен күннің елесінен
Өзімді-өзім іздеп қалмаймын ба?
Даңқ па, дақпырт па екен қол бұлғаған?
Оны әзір айта алмай жүр тағдыр маған.
Адам деп саналар ма өз жүрегін
Бір рет Данко құсап жандырмаған?!
Досыңнан үміт күтіп жүрсің бе сен,
Мен ақын бола алам ба күрсінбесем?
Шіркін-ай, адамдардың кеудесінде
Жүрек боп ғұмыр бойы дүрсілдесем!
Ісім жоқ бір жүрекке дақ салардай,
Жыр жазсам кірсе шықпас бақшалардай!
Өлеңмен адамдарды аймаласам
Аспаннан жауып тұрған ақша қардай!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу