Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  67


Автор: Бауыржан Үсенов

ҚАЙЫҚ

Мен желкенді қайықпын,
Кеме емеспін,
Таудай – таудай толқынмен ерегестім
Тұншықтырып демімен толқын мені,
Қақпақыл қып ойнайды өлтіргелі.
Құламадым,
Көнбедім,
Жүзе бердім,
Табамын деп Аралын Қыз өнердің.
Тұман менің көзімді аштырмады,
Құштарлығым сонда да басылмады.
Адастырды,
Ашындым,
Айқайладым,
Жаңғырықты дүлейге қай-қайдағы үн.
Жел келді де тұманды қуып кетті.
Тұз суымен теңіздің жуып бетті.
Желкемді түзедім желге қарап,
Қайығыма толқындар ерді абалап.
Мұз тауларға соқтықпай аман өттім,
Жымыңдады жарайсың бала деп күн...
О, Қыз арал қайдасың, жан ашпаған,
О, қайдасың мұхитта адасқан ән.
Су перісі қайдасың?
Сілте бағыт,
Қара түнде шам боп жан пілте балық.
Сол Аралды табам мен,
Таба алмасам,
Тереңімен мұхиттың амандасам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу