Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  62


Автор: Бауыржан Үсенов

КЕЙ КЕЗДЕРДЕ КЕТЕДІ ҚАЙҒЫМ АРТЫП

Күн тұтылып көңілде, ай мұнартып,
Кей кездерде кетеді қайғым артып.
Сұм адамнан айласы алпыс қырлы,
Адамдықты білмейтін маймыл артық.
Өсиетім емес бұл дана жазар,
Шабытынсыз шайқастың жана ма ажар.
Олар, олар ақтық пен әділдікті,
Сатып кетер қанқұйлы қара базар.
Жазып та жүр зымиян іспен жарып,
Жіберер ем іркілмей тістен салып.
Бірақ олар шықпайды айқасқа ашық,
Жасырын-ақ жатады іштен шалып.
Қаймықпаймын шықса да жолдан аңғар,
Төреші елім ісімді оңнан аңғар.
Күнде балта шапсақ та тамырына,
Қайдан ғана шығады оңбағандар.
Құламайық көк мұзда тұрып, тайып,
Дәрмен барда құлаған ғұрыпқа айып.
Ортамызда құны жоқ маймыл құрлы,
Адамдар бар екенін ұмытпайық.
Шалма тастан шыңғыртып қыл есейік,
Көзден тайса қоңыңнан крест ойып.
Алады олар,
Сондықтан қар жамылып,
Мұз жастанып жүрсек те күресейік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу