Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  105


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ТАСМАҢДАЙ МЕН ЖҮГЕРМЕКТІҢ АЙТЫСЫ

Жылқысын бағып, түлкісін қағып жүрген Жүгермектің әдейі сағын сындыру үшін, төрешіл топ, Тасмаңдай дейтін жанкештіні жалдаса керек.
Тасмаңдай:
– А-ха-ау, үй!
Түйенің жақсы көрем шудалысын,
Жүгірмек, қалауымды ұғамысың?
Бір атан жетелесем, жеңіп сені,
Абырой болар еді-ау әй, әй, әй,
Уа, шіркін, ағайын-туған үшін.
–Жүгермек:
Түйе бақ, жақсы көрсең шудалысын,
Беделсіз біткелі тұр қуған ісің.
Мән-жайын ашып айтшы сапарыңның,
Келдің бе жеңіліп бір тулау үшін?
Сойылын соғат ұғын төрешілдің,
Томардай тоқыраған тұлғамысың?
Азамат азап көріп ауылыңнан,
Жасалып жатады екен сынға қысым.
Ағайын -туғаныңды айтпасаң да,
Жетпей ме бір басыңа былғанышың? – Тасмаңдай: А-ха-а-ау, үй! Сүйеніп жүргендіктен ағайынға,
Қылау жоқ әлі бір тал самайымда.
Тасекең мал табады жаяу жатып,
Ағайын аман ж
үрсе, маңайында.
Солармен ақылдасып,
жүгірмегім,
Саудаға сау басыңды салайын ба?
Домалақ арызымнан домалатып, Бәлені неше түрлі, әй-әй-әй,
Уа, шіркін жабайын ба?.. Жүгермек: – Кесірің тигенімен, ағайынға,
Қолдаушың көп сияқты маңайында.
Өгіздей өңкілдетіп үйіріңмен,
Сүйенген сорақыңды қағайын ба?
Тасмаңдай: – А-ха-а-ау,үй!
Жігіттің сүйенгені сұлтаны ғой,
Баяғы Қарынбайдың
ұрпағы ғой.
Алдыңғы сынағаннан оңғаны жоқ
Естісе сені-дағы
әй,әй,әй,
Уа, шіркін,
құртады ғой.
Жүгермек:

Көзелдің атағын-ой,
шұрқанын-ой,
Қаржылы Қарынбайдың
ұрпағы ғой.
Төлемей салығын да қашып жүріп,
Басқа емес,
өзін-өзі құртады ғой.
 Тасмаңдай:
– А-ха-а-ау, үй!
Меніңше, ол жігіттің нар асылы ғой,
Көңілі сыналған соң жасыды ғой.
Басымнан баяғыда құс ұшырмай,
Мерейім ағын судай әй-әй-әй,
Уа, шіркін тасыды ғой.
Жүгермек:
Ойыңның арамын-ой, сасығын-ой,
Тасеке, шағын миың ашыды ғой.
О, бастан сынға қысым –сыбайластың
Қойыртпақ қорғанатын тәсілі ғой.
Тасмаңдай:
А–ха-а-ау, үй!
Бойына сендейлерді теңгермеген,
Туалы мінезім бар кердеңдеген.
Мойныма мұрнағы жыл ақша мініп
Жаз бойы қап тауында серуендегем.
Газетке жазған тілші қаңғып кетті,
Енді не сұрайсыңдар, әй-әй-әй,
Уа, шіркін, сендер менен?..
Жүгермек:
– Жасатып сынға қысым кердеңдеген,
Бар еді қай пысығың мен көрмеген?
Кіргізіп көже-көлмек абақтыға,
Жіңішке жерлерменен, құтылатын
Жалғаны жамандықтың тартылды ғой,
Күрсінер қал сұрасаң шермендеден
Байқаймын, өіңнің де сорың –өңеш,
Абақты тойтыңдайтын төрің емес.
Жоқтамай жоқ-жітігін жүгенсіздің
Ертерек есің барда жөніңе көш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу