Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  107


Автор: Темірхан Медетбек

Қағаз

Оңаша бiр жыр құрап
ой iшiнде адастым...
Ақ қағаздан бұрқырап
иiсi аңқиды ағаштың.
Қағазда сол тұр әлi
ормандардың мұңды үнi,—
судырласа


шығады
жапырақтардың сыбдыры.
Ойларымды әдiптеп
сонда жатыр бар шыным.
Оған тамған әрiптен
даусы естiлер тамшының.
Үнге айналам толады —
өлең—жырға кенелдiм.
Құс боп оған қонады
шумақтары өлеңнiң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу