Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  81


Автор: Болат Жетекбай

Жайлауын тастап, ел көшсе...

Жайлауын тастап, ел көшсе,
Қандай дәт оған сенбеске?!
Кешігіп бүгін мен жетсем,
Кәкем жоқ... кеткен келмеске.
Қайғыдан шөккен қотыр там,
Шүйкедей кемпір...соқыр шам...
Төгіле берер көз жасы,
Тіземді бүгіп отырсам.
Кәкемнің анау кешегі
Көсіліп жатар төсегі...
...Құбыла бетке қол жайдық,
Біздегі шара осы еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу