Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  61


Автор: Балта Қосбармақ

18-палата

Жатыр мұнда алпыстағы ақсақал,
Жатыр солдат жиырма бірде –
«Қалай ғана түстім?» деп.
Жатыр мұнда қырықтағы жақсы аға,
Жатыр көзін аша да алмай
Жиырма жасар студент.
Жатыр мұнда тыпыршыған төрт өмір,
Жаны құштар ерке күнге,
Төртеуінде бір тілек:
«Басылмасын жалындатқан ер көңіл»,
Төрт кеудеде арман асыл:
«Орнамасын түн-түнек».


Барлығының жүрегі бір тулайды,
Берілсе де қайғы-мұңға,
Барлығында бір қайғы:
Сөнгелі тұр бұлар үшін Күн мәңгі
Жанарлары – бар арманы
Қыл үстінде тұр даулы.
Төрт кеудеде тербетілген бір бесік:
Жарық сәуле, нұрлы күн!
«Аман сақтап қалсам» деген
Тыныштығын, тірлігін;
Жер-Ананың тағдырымен үндесіп,
Жатыр мұнда күн кешіп...
25.04.-17.11.1981 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу