Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  322


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

ЖЕТІМНІҢ МҰҢЫ

Бұл қоғамның асқындырмай індетін,
Ақиқатты айту болса міндетім.
Мен тас жүрек аналардан жиіркендім,
Көл-көсір қып мұң шаққанда бір жетім.
Суалғандай көзін жылай-жылай көп,
Зарын төкті қара жерге құлай кеп.
Зарлы даусы ащы шығып зәһардан,
Бар әлемге мұңын шақты ол былай деп:
«Арқасынды уақыттай көштің дөп,
Қуануға тиістісің өстім деп.
Мұңаймауға тиістісің, өйткені
Жаны ашып жұбатпайды ешкім кеп.
Бұл жалғанға қарау керек батыл боп,
Жетіммін деп берілуге хақың жоқ.
Құламауға тиістісің, өйткені
Қолтығыңнан демейтұғын жақын жоқ.
Мен қалайша өтірікке бас берем,
Мұң мен зарым көзден аққан жас дер ем.
Мұңымды ешкім естімейді-ау, өйткені
Мен дегенде бәрі соқыр, тас керең.
Дала кезіп, тәтті ұйқысыз таң атар,
Қатал тағдыр оқ-пәлесін боратар.
Мен ажалмен көрші отырмын өйткені,
Жетім болу-өлуменен пара-пар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу