Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  91


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Дүние ақ қар жамылған шақта, ақпанда

Дүние ақ қар жамылған шақта, ақпанда
Жаралы жаным жалғыз қап бара жатқанда;
Сан түндер күткен сағынышымнан нәр алдым,
Жанымды орап махаббатыммен мақпалға.
Дүниеде мынау сезімнен ыстық от бар ма?!
Гүл-көктем келіп, Жер-ана ояу шақтарда –
Жанымды кейде қоярға еш жер таппадым,
Сағыныштарым сарытап болған шақтарда.
Сезімім лаулап, өзіңсіз кірдім бақтарға,
Жүректе үміт, сенімімді ол ақтар ма?!
Кеудеме тағы қуаныштан гүл тақтың сен,
Үмітім сөніп, күл болып бара жатқанда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу