Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  101


Автор: Бесінбай Бегеніш

ФАРИЗАҒА

Мен де өзіңдей түзу жолды ұнатам,
Мініп алсам қуат берген жыр – атан.
Ашық айту, шындық айту – мақсатым,
Білмедім мен «мықтыларды құлатам».
Сен де талай батыл айттың шындықты,
Болса – дағы қарсыласың кіл мықты.
Қаймықпаған Махамбеттей өр ақын,
Бірбеткейлік, батылдықты кім ұқты.
Ақындарға жарасады даналық,
Ақылгөйлік, ақсақалдық, аналық,
Фариза апа! Қиналамын өзім де,
Жараса ма жақсыларға даралық?!
Кейін келер, біз асқанмен қырқаны,
Жақсарсыншы адамдардың ұрпағы.
Жақсартам деп қасқырлар да тұқымын,
Мықтылары әлсіздерін құртады.
Өмір деген бұйым емес қалаған,
Сапалылар мықтылардан тараған,
Талантар мен ғұламалар артында
Қалу керек! Қажет тіпті данадан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу